
Перзентханада жас босанған әйел нәрестені еденге құлатып алды
Атырау перинаталдық орталығында үш күн бұрын өмірге келген нәрестені жас босанған әйелдердің бірі еденге құлатып алды.Анасы рентгенге түсуге кеткен кезде шақалақ жылайды. Палатада жатқан басқа келіншек жұбату үшін оны көтермек болады. Алайда, сәбиді қолынан түсіріп алады. «Бөбекке ми ишемиясы диагнозы қойылды. Оған оттегі жасанды тыныс алу аппараты арқылы беріліп жатыр. Сатурациясы - 93%. Геодинамикасы тұрақты, жүрек соғысы қалыпты. Неврологиялық симптом жоқ», - деп хабарлады перинаталдық орталық директоры Қанат Ермағамбетов. Қазір бұл оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды