
ӨТІРІК ӨРГЕ БАСПАЙДЫ
41 жастағы ер адам полицейлерді алдап соқты. Ол некедегі өз әйеліне қол көтергенін айтып 102 пультіне жалған ақпарат берген.Сөйтіп, сақшылар арнайы тексеру жүргізген. Белгілі болғандай, ол ащы суға сылқия тойып алған екен. Өтірігі өрге баспай қалған азамат енді 43755 теңге көлемінде айыппұл арқалап, әкімшілк жауапқа тартылды.