ШҰҒЫЛ! Эпиджағдай нашарлап барады Толығырақ

Отандық тауар биржалары екі деңгейлі жүйеге көшеді

20:05, 24 қараша 2021

Отандық тауар биржалары екі деңгейлі жүйеге көшеді

Еліміздегі тауар биржалары екі деңгейлі жүйеге көшеді. Бұл қадам биржалық сауданы жетілдіруге және дамытуға серпін береді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы салада қандай өзгерістер болатыны талқыланды.  Қазіргі таңда елімізде 19 тауар биржасы бар. 2009 жылдан бері биржалық келісімдер саны 50 есеге өсті. Дегенмен, осы саланы одан әрі дамытып, заңнамасын халықаралық стандарттарға сай ету керек. Сондықтан, сауда және интеграция министрлігі бірінші кезекте тауар биржаларының екі деңгейлі жүйесін енгізуді ұсынып отыр. Сондай-ақ,  биржалық сауданың Бірыңғай қағидаларын бекіту көзделген. Министрлік әзірлеген Заң жобасында биржадағы келісімдерді сақтандыру мәселесі де қарастырылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
22:36, 21 қаңтар 2022
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Толығырақ...