
Өрт шықты
Оқыс оқиға. Бүгін Нұрсая ықшам ауданындағы 5 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға кешкі сағат 6-лар шамасында тіркелген. Салдарынан жасөспірім уланып, жедел ауруханаға жеткізілді. Төтеншеліктер жеткенше, қызыл жалын 5 шаршы метрді шарпып үлгерген. Өрттің шығу себебі белгісіз. Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр.