ШҰҒЫЛ! "МЕХА РОССИИ" дүкенінде жеңілдіктер түні өтеді Толығырақ

Өңірде көк тайғақ салдарынан 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

20:16, 25 қараша 2021

Өңірде көк тайғақ салдарынан 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

Атырауда көк тайғақ салдарынан 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Метеорологиялық жағдайдың нашарлауынан болған бұл оқиғаларға жүргізушілердің де кінәсі бар. Олардың басым көпшілігі көлігінің шанағына қысқы дөңгелек орнатпаған. Бұл әсіресе, көктайғақта жүруді қиындатып, жол-көлік оқиғасына ұрындырады. Мәселен, 24 қарашада сағат 14:30 шамасында 1993 жылғы жүргізуші «Mercedes Benz» көлігінің рөліне ие бола алмай, Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан дүкеннің темір қоршауына соғылған. Ал, сағат 20:00 шамасында«LADA-2114» көлігі Сұлтан Бейбарыс даңғылы мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысында солға бұрылу кезiнде қарсы бағытта келе жатқан «Toyota Alphard» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «LADA-2114» көлігіндегі жолаушы әртүрлi дене жарақатын алған.  Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді. Қазір 49 жастағы әйел облыстық аурухананың травматология бөлімінде жатыр. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында, өңір полицейлері жүргізушілерді ауа-райының күрт суытуына байланысты жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырып отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Тұрмыстық зорлық -зомбылық фактісі көбейген
20:13, 26 қараша 2021
Тұрмыстық зорлық -зомбылық фактісі көбейген
Толығырақ...
Елімізде ақылы автомобиль жолдарын 11 000 шақырымға жеткізу жоспарланып отыр
20:12, 26 қараша 2021
Елімізде ақылы автомобиль жолдарын 11 000 шақырымға жеткізу...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100-ден астам елді мекен мен құрамдас бөлік атауы өзгереді
20:08, 23 қараша 2021
100-ден астам елді мекен мен құрамдас бөлік атауы өзгереді
Толығырақ...
Атырау дзюдошылары 2 алтын, 4 қолаға қол жеткізді
20:14, 22 қараша 2021
Атырау дзюдошылары 2 алтын, 4 қолаға қол жеткізді
Толығырақ...
Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері өзара сынға түсті
20:12, 23 қараша 2021
Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері өзара сынға түсті
Толығырақ...