
ӨҢІР БАСШЫСЫ ЭНЕРГИЯ ЖҮЙЕСІНДЕ ОЛҚЫЛЫҚТЫҢ БОЛДЫРМАУЫН ТАПСЫРДЫ
Кеше қаладағы «KEGOC» АҚ дағы электр желісінің 2 генераторы істен шығып, шаhардың сол жақ бөлігі мен кей жерлері жарықсыз қалды. Олқылықтың кесірі саяси науқан мен кәсіпорындарға да тиді. Мәселенің мән-жайын білу мақсатында облыс әкімі «KEGOC» АҚ барды. Махамбет Досмұхамбетов мекемедегі атқарылып жатқан жұмысты көріп шығып, қызметкерлердің есебін тыңдады. Кеше шұғыл түрде қолға алынған жұмыстардың арқасында тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілді. Батыс филиалының энергожүйесінде болған технологиялық ақаулар бұрынғы қабылданған инвестициялық жобаларды жедел түрде жүзеге асыруды қажет етеді. Өңір басшысы энергия жүйесінде кінарат болмауды қамтамасыз ету үшін бірқатар тапсырмалар берді.