
Өңір басшысы дарынды оқушылармен кездесті
Атыраулық оқушылар соңғы 1 жылда халықаралық және республикалық білім сайыстарында 107 медаль қанжығалады. Олардың 20-сы алтын, 32-сі күміс. Мұнайлы өлкенің дарындары 4 рет өзге мемлекеттерде өткен олимпиадаларға қатысып, ел қоржынына 8 медаль салыпты.