ШҰҒЫЛ! "МЕХА РОССИИ" дүкенінде жеңілдіктер түні өтеді Толығырақ

Одақтас еуразия елдерінің сыртқы сауда көлемі 596 млрд долларға жетті

20:07, 19 қараша 2021

Одақтас еуразия елдерінің сыртқы сауда көлемі 596 млрд долларға жетті

Биыл, елімізде  еуразиялық экономикалық одаққа  мүше мемлекеттер бизнесінің қатысуымен 1172 жаңа кәсіпорын тіркелді. Бұл жайында Премьер-Министр Армения астанасы Ереванда өтіп жатқан еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша  экономикалық одақ  шеңберінде түрлі салаларды  жандандыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылған. Бірінші жарты жылдықтың өзінде  одақ шеңберіндегі  өнеркәсіп өндірісінің көлемі 620 млрд доларға жеткен. Ал, одаққа мүше еуразия елдерінің сыртқы сауда көлемі 596 млрд доллар.  Жалпы, жыл басында мемлекет басшысы Қазақстанның ұйымға төрағалық етуінің басым бағыттарын белгілеген болатын. Ол ең алдымен өзара тиімді кооперациялық жобаларды дамыту, саудадағы кедергілерді жою, көлік-логистикалық ынтымақты нығайту сынды маңызды міндеттерді жүктеген. Атқарылған жұмыстар Одақ экономикаларын жаһандық аренада қалыптасқан сын-қатерге бейімдеуге жол ашып отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Тұрмыстық зорлық -зомбылық фактісі көбейген
20:13, 26 қараша 2021
Тұрмыстық зорлық -зомбылық фактісі көбейген
Толығырақ...
Елімізде ақылы автомобиль жолдарын 11 000 шақырымға жеткізу жоспарланып отыр
20:12, 26 қараша 2021
Елімізде ақылы автомобиль жолдарын 11 000 шақырымға жеткізу...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100-ден астам елді мекен мен құрамдас бөлік атауы өзгереді
20:08, 23 қараша 2021
100-ден астам елді мекен мен құрамдас бөлік атауы өзгереді
Толығырақ...
Атырау дзюдошылары 2 алтын, 4 қолаға қол жеткізді
20:14, 22 қараша 2021
Атырау дзюдошылары 2 алтын, 4 қолаға қол жеткізді
Толығырақ...
Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері өзара сынға түсті
20:12, 23 қараша 2021
Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері өзара сынға түсті
Толығырақ...