
Облыс әкімі С.Шәпкенов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
Серік Шәпкенов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.Кездесуде қаланы көгалдандыру, әуежай терминалын жаңғырту, балаларға арналған жазғы лагерьлердің сапасын арттыру, баспанамен қамтамасыз ету, бұралқы иттерден келетін қауіп, масаға қарсы жұмыстарды күшейту мәселелері пысықталды. Аймақ басшысы аталған ұсыныс-пікірлерді тыңдап, көтерілген мәселелер өзектілігіне қарай жүйелі түрде заң аясында шешілетінін жеткізді.