
ОБЛЫС БОЙЫНША САЙЛАУ КҮНІ 23 СӘБИ ӨМІРГЕ КЕЛДІ
Саяси маңызды күн 10 қаңтарда облыс бойынша 23 сәби жарық дүние есігін ашқан. "Сайлау түнінен түске дейінгі аралықта Атырау облысы бойынша 23 нәресте өмірге келді. Оның 13-і ұл, 10-ы қыз бала. Дәрігерлер «аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы» деп отыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.Жас ананың бірі Атырау облысы, Исатай ауданының тұрғыны Шынар Төлеуішова бүгінгі қуанышын саяси науқанмен байланыстырмақ ниетте.