ШҰҒЫЛ! Есірткі шегіп, көлік жүргізген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО) Толығырақ

Миялыда 11 шақырым жол құрылысы жүруде

21:18, 2 маусым 2022

Миялыда 11 шақырым жол құрылысы жүруде

Миялыда «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 11 шақырым жол құрылыс жұмыстары жүруде. Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев  баспасөз брифингінде мәлім етті. Қазіргі таңда жұмыс жоспарына сәйкес астыңғы жабындылары толық төселіп, беткі қабатының төсеу жұмысы осы айда басталады деп күтілуде. Сонымен қатар, аудан әкімі Сағыз ауылынан 21,8 шақырымды құрайтын 3 жоба жүзеге асырылып жатқандығын, соның ішінде биыл пайдалануға берілетіні 15 шақырым жол екендігін айтты. Ал, Мұқыр ауылындағы бұдан бұрын басталған 4,7 шақырым жол құрылысын толыққанды аяқтау үшін  қаражат бөлінгенін, жобаны биыл толықтай аяқтау жоспарлануда екенін жеткізді. Брифингте Н.Бисембиев Тайсойған-Миялы ауылдарын байланыстыру үшін автомобиль жолының құрылысының жобасы жасақталуда екенін атап өтті. Бұдан бөлек Ақтөбе облысына қарасты Ойыл ауданының Шұбарши ауылы мен Миялы ауылы аралығындағы 18,5 шақырым болатын жолға жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда екені айтылды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті (ВИДЕО)
21:39, 15 тамыз 2022
Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті...
Толығырақ...
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
21:31, 15 тамыз 2022
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
17:10, 10 тамыз 2022
Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
Толығырақ...