
"MIRAS" қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
"Nur Otan" партиясының Атырау облыстық филиалы жанындағы "Мирас" аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібіндегі екі мәселе қаралды. Бірінші Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Елдіктің жеті тұғыры" қағидасын талқылау болса, екінші аймақтағы мәдениет саласындағы іс-шаралардың өту барысы айтылды. Елбасының жастарға арналған үндеуін халыққа, оның ішінде өскелең ұрпаққа дәріптеу аясында алдағы уақытта насихат жұмыстары қарқынды жүрмек. Жиында аға буын өкілдері өткен тарихтан сыр шертсе, жастар ел дамуындағы оңтайлы істерге тоқталды.