
Министр аудан тұрғындарымен кездесті
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Атырау облысына іс-сапармен барды. Сапар барысында ведомство басшысы Оралдан Атырауға автокөлікпен шығып, еліміздің батыс аймағындағы республикалық маңызы бар жолдардағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Министр Құрманғазы ауылы (Ганюшкино) Атырау облысы - «Атырау-Астрахань» бағыты бойынша жүріп өтті.
Сапар аясында Қайырбек Өскенбаев бірқатар құрылыс нысандарында болып, «Атырау-Астрахань» сияқты ірі көлік дәлізінде жөндеу жұмыстарын жүрігізіп жатқан мердігер компания өкілдерімен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар министр шалғай елдімекен тұрғындарымен тағы бір мәрте кездесу өткізді. Кездесулерде аймақтағы қордаланған мәселелер талқыланып, жол жөндеу жұмыстарының барысы туралы жан-жақты мәліметтер айтылды. Сондай-ақ ол жергілікті тұрғындардың талап-тілегін тыңдады.