
Мерекелік дастархан жайылды
Балаларды қорғау күніне орай шаhарда көпбалалы және ерекше бүлдіршін тәрбиеле п отырған аналарға мерекелік дастархан жайылды. 40 адам қонақ болған іс-шараны облыстағы қоғамдық бірлестіктердің бірі ұйымдастырған. Қалалық әкімдік қолдау көрсетіп, арнайы сыйлықтармен қамтыпты. Тәтті-дәмдіден ауыз тиіп, тойхана ішінде мың бұрала билеген балалар ерекше көңіл-күймен тарқасты. Ұйым төрағасы қала әкімінің орынбасары Самат Жұмабайұлына жылы лебізін арнап, алғыс хат табыстады.