
МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
"Атырау - Ақпарат" ЖШС мен "Ақтөбе Медиа" арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Екі тарап өкілдері өңірлер арасындағы шығармашылық байланыс одан әрі нығайып, тығыз қарым-қатынас орнайтынына сенім білдірді. Кездесу барысында журналистиканың, оның ішінде баспасөз, телевидение саласындағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, жиында шығармашылық тоқырауды болдырмаудың жолдары мен тілшілердің өзара пікір алмаса қызмет етуі сөз болды.