
Мемлекеттік рәміздерге 30 жыл
Биыл мемлекеттік рәміздерге 30 жыл толып отыр. Осыған орай республика бойынша 180-нен астам шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде кітап көрмелері мен ғылыми-практикалық конференциялар бар. Бұл туралы Мәдениет және Спорт министрлігінің өкілдері брифинг барысында мәлімдеді. Ал 4 маусым күні сағат 10:00-де «Атамекен» этно-мемориалдық саябағында Мемлекет басшысының қатысуымен ту көтеру рәсімі өтеді. Сондай-ақ, республика бойынша әнұран орындау флешмобы ұйымдастырылмақ. Авто-мото шерушілер қаланың басты көшелерімен жүріп, көк байрағымызды желбіретеді.