
Мектеп оқушысы бас бостандығынан айырылды
Өңірде мектеп оқушысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірім аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау, өткізуге бағытталған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланғаны үшін жаза арқалады. Айта кетейік, жыл басынан бері кәмелет жасына толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Оның ішінде 13-і ауырлығы орташа, 7-і ауыр қылмыс