
МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН
Мейрамхана алдында билеп, мас күйінде теміртұлпар тізгіндеген жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Ащы суға сылқия тойып алған жігіттің бұл әрекетін жол полицейлері арнайы тексеру кезінде анықтаған. «Toyota Estima» автокөлігін басқарған 30 жастағы азамат Қызылқоға ауданынының тұрғыны. Наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, оның алкогольдік өнім пайдаланғаны расталды. Бұған дейін ол бірнеше мәрте осындай құқыбұзушылық жасаған, сондай -ақ көлік жүргізу құқығынан айырылған екен. Заңды пысқырмаған тәртіп бұзушығы қатысты қылмыстық іс қозғалып, автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.