ШҰҒЫЛ! «ATYRAY» АРНАСЫНА ПРЕЗИДЕНТ АЛҒЫС ХАТЫ Толығырақ

«Мақат-Атырау» бағытында автобус қатынайды (ВИДЕО)

18:58, 11 наурыз 2020

«Мақат-Атырау» бағытында автобус қатынайды (ВИДЕО)

Өткен жылы Мақат ауданында ішаралық автобустар іске қосылған еді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып мақаттықтардың көптен күткен мәселесі шешілді. Бүгіннен бастап аудан орталығынан «Мақат-Атырау-Мақат» бағытында жолаушыларды тасымалдау автобусы жолға шықты. Тұрғындарды жаңа әрі сыйымдылығы үлкен 45 орындық «Daewoo» маркалы автобус тасымалдайтын болады. Жолақы - 700 теңге. Жолаушыларды тасымалдау Мақаттан қалаға қарай таңғы сағат 08:00-де қозғалса, Атыраудан кері бағытта кешкі сағат 18:00-де жүреді. Жолаушылар Мақат кентіндегі теміржол вокзалынан мініп, Атырау қаласындағы автобекеттен түседі. Жолда автобус орын болса Доссор кентіне аялдап, жолаушыларды ала кетеді. Ал, егер автобус іші лық толы болса Доссорға аялдамайды. Жол ұзақтығы 1 сағат 50 миинут. Билеттерді автобустан немесе автобекеттен алуға болады. Алдағы уақытта маршрутың қозғалу уақыты мен мезгіліне өзгеріс енгізілуі мүмкін.  Алғашқы сапарға ақсақалдар ақ батасын беріп, жолаушылардың сапарына сәттілік тіледі. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ   ТЕКСЕРІЛДІ
21:05, 29 қыркүйек 2020
ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚ ЖАС ҰСТАЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:26, 25 қыркүйек 2020
ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚ ЖАС ҰСТАЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...
АТЫРАУДЫҢ  ҚОҚЫСЫН ӨҢДЕУГЕ ИНВЕСТОРЛАР ЫНТАЛЫ
22:40, 25 қыркүйек 2020
АТЫРАУДЫҢ ҚОҚЫСЫН ӨҢДЕУГЕ ИНВЕСТОРЛАР ЫНТАЛЫ
Толығырақ...