ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

22:00, 7 қазан 2020

МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Атырау облысының әкімі бір топ праймеризге қатысушыларды марапаттады. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов өткен праймериздің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, облыс атынан қатысқан барлық үміткерлерге өз алғысын білдірді. Праймериздің негізгі мақсаты - партияішілік сайлауда өндіріп іс жасайтын, ел алдына шығар көшбасшыны таңдау. Праймериздің міндеті - «Мықты лидерлер - Мықты партия» қағидаты бойынша шынайы және мықты көшбасшыларды партия қатарына тарту, белсенді және бастамашыл азаматтар үшін «әлеуметтік лифт» құру. Бастапқыда туындаған кейбір күдік пен күмәнге қарамастан, праймериз өте қарқынды да тартысты өтті. Әсіресе, додаға қатысқандар арасында жастар мен әйелдер қатары мол. Осынау айтулы шараға қатысқан барша үміткерді шын жүректен құттықтаймын, - деді облыс әкімі. Сондай-ақ, шара барысында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов республикалық «Biz Birgemiz» акциясына қатысып, COVID-19 індетіне қарсы күресте зор үлес қосқан кәсіпкерлерге «Халық алғысы» медалін табыс етті. Өз кезегінде, партияішілік іріктеуге қатысушылар алғаш рет қолға алынған саяси бәсекеден үлкен тәжірибе жинағандарын жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
21:04, 22 қаңтар 2021
ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар