ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

Махамбет Досмұхамбетов параволейболшылармен кездесті

20:02, 10 маусым 2021

Махамбет Досмұхамбетов параволейболшылармен кездесті

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жақында ғана Германия елінде өткен лицензиялық турнирден келген параволейболшылармен кездесті. Алдымен спортшылардың дайындық барысын көрген өңір басшысы, халықаралық жарыстан жүлделі оралған қатысушыларды жеңістерімен құттықтады. “Сіздердің спортқа деген құштарлықтарыңыз барша тұрғындарға, әсіресе, жастарға үлгі. Елімізде осындай ержүрек те, қайтпас-қайсар команда бар екенін мақтан тұтамыз. Алда әлі талай белестерді бағындыратындарыңыз сөзсіз. Бүгін күміс жүлде еншілесеңіздер, алда алтыннан алқа тағынатындарыңызға сенемін”, - деді облыс әкімі. Командамен ашық әңгіме барысында спортшылар өз мәселелерін де ортаға салды. Олар жалақы, баспана және заманауи үлгідегі протез мәселесін тілге тиек етті. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма беріп,  шешімдер қарастырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов еліміздің көк туын желбіретіп келген спортшыларға алдағы сайыстарға сәттілік тілей отырып, алғыс хат табыс етті. Ал спортшылар өз кезегінде өңір басшысына халықаралық турнирден әкелген естелік допты сыйлады. Айта кету керек, «Бұл спорт түрінен әлем бойынша 72 елдің командасы бар болса, көрсеткіш бойынша Атырау облысының ойыншылары алғашқы ондықта тұр.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Ескі көліктерді утилизациялау жалғасуда
20:05, 21 маусым 2021
Ескі көліктерді утилизациялау жалғасуда
Толығырақ...
"Күй қағаны" республикалық байқауы қорытындыланды
20:03, 21 маусым 2021
"Күй қағаны" республикалық байқауы қорытындыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақ халатты абзал жандар марапатталды
20:05, 18 маусым 2021
Ақ халатты абзал жандар марапатталды
Толығырақ...
Индерде жаңа кітаптың тұсауы кесілді
20:08, 15 маусым 2021
Индерде жаңа кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...