
ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ
Ал, Қызылқоға ауданында халыққа 22 сайлау учаскесі қызмет етті. Елдің саяси өміріндегі маңызы зор науқанға елдімекен тұрғындары бір адамдай атсалысты. Десе де, дауыс беруге келгендердің дені егде жастағылар. Солардың бірі - сексеннің сеңгіріне шыққан Зоя Жандосова. Кейуана таңмен таласа №143-ші сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.