ШҰҒЫЛ! Атырау Облысында 730 инфекциялық төсек-орын босады Толығырақ

Құтқарушылар сайысты

20:13, 13 қазан 2021

Құтқарушылар сайысты

Төтеншеліктер өзара сайысқа түсті. Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен жауынгерлік дайындығын арттыру мақсатында Атырау қаласының №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде, Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру бөлімдері арасында функционалды өрттік көпсайыстан облыстық чемпионат өтті. Аталмыш жарысқа барлығы 12 команда қатысты. Байқау бағдарламасы бойынша  - қатысушылар 11 күштік жаттығуларын, соның ішінде шабуыл сатысы көмегімен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілу,  өзін-өзі құтқару, жүгіру т.б. сайыстарға түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша  Атырау қаласы №13 ӨРТ СӨНДІРУ Бөлімі командасы үздік көрсеткіштер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды - Атырау қаласының №4-ші, үшінші орынды - Махамбет ауданының №11-ші Өрт сөндіру бөлімі командасы иеленді. Жеке есепте ең жылдам, әрі төзімді болып Жылыой ауданы Жаңа-Қаратон кенті №9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Орысбаев Нұрсұлтан танылды. Чемпионатқа белсенді қатысқан қызметкерлерге кубок, мадақтамалар, медальдар және ақшалай сыйлықтар берілді.

 
 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Жазушы Рақымжан Отарбаевтың туғанына 65 жыл
20:13, 19 қазан 2021
Жазушы Рақымжан Отарбаевтың туғанына 65 жыл
Толығырақ...