ШҰҒЫЛ! Есірткі шегіп, көлік жүргізген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО) Толығырақ

Қ.Тоқаев қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді

21:09, 5 шілде 2022

Қ.Тоқаев қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді

 Мемлекет басшысы еліміздің қарулы күштерін кешенді әрі жүйелі түрде жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Сонымен қатар  жауынгерлік дайындықты жоғары деңгейде ұстап тұру керектігін атап өтті. Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрін қабылдады. Руслан Жақсылықов биылғы  жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берді. Қазіргі уақытта басқару органдары мен жеке құрамды дағдарыс жағдайы кезінде тиімді әрекет етуге, орталық және жергілікті билікпен іс-қимылды үйлестіруді оқытуға басымдық беріліп отыр. Қорғаныс министрі оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету, армияны заманауи қару-жарақпен және әскери техника түрлерімен жабдықтау туралы есеп берді. Сондай-ақ кездесуде сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскери қызметшілер арасында әлімжеттік әрекеттерді болдырмау мәселесіне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс қабілетін одан ары арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті (ВИДЕО)
21:39, 15 тамыз 2022
Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті...
Толығырақ...
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
21:31, 15 тамыз 2022
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
17:10, 10 тамыз 2022
Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
Толығырақ...