ШҰҒЫЛ! Есірткі шегіп, көлік жүргізген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО) Толығырақ

Кезекті отырыс

21:16, 15 маусым 2022

Кезекті отырыс

Атырау облысында аудан әкіміне «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын тиісті деңгейде орындамағаны үшін сөгіс жариялау ұсынылды.аЙМАҚ БАСШЫСЫ Серік Шәпкеновтің қатысуымен Атырау облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті.

Басқосуда  «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «AMANAT» партиясы Атырау облысының сайлауалды бағдарламасының 2021 жылғы орындалмаған іс-шаралар және 2022 жылы орындалмау қаупі бар іс-шаралар талқыланды.

«AMANAT» партиясы Атырау  облыстық филиалының атқарушы хатшысы Абдолла Идресовтің мәліметінше, өткен жылғы партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша 918 іс-шара жүзеге асырылуы тиіс еді. Алайда былтыр оның 716-сы  орындалып, 12-сі жүзеге аспаған.Орындалмаған шаралардың басым бөлігі Индер ауданында тіркелген. Мәселен қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенін орнату, Болашақ шағын ауданына жол салу, Есбол ауылындағы 320 орындық мектеп құрылысын аяқтау, Көктоғай ауылына 90 орындық балабақша салу және Б.Нысанбаев атындағы орта мектепке 120 орындық жапсаржай құрылысын салу жұмыстары кешіктірілген.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті (ВИДЕО)
21:39, 15 тамыз 2022
Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті...
Толығырақ...
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
21:31, 15 тамыз 2022
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
17:10, 10 тамыз 2022
Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
Толығырақ...
БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВАНЫҢ ЕКІНШІ СОТЫ ӨТТІ  (ВИДЕО)
21:41, 11 тамыз 2022
БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВАНЫҢ ЕКІНШІ СОТЫ ӨТТІ (ВИДЕО)
Толығырақ...