
Кең көлемді фото-көрме өткізілмек
Елімізде бұрын соңды болмаған кең масштабты фото-көрме өткізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында қоғам қайраткері Жан Ақжанов мәлімдеді. Көрме еліміздің барлық аудандарын қамтиды және оған миллионнан аса адам қатысады деп күтілуде. Мақсат - әр өңірдің көрікті, тарихи жерлерін басқа аймақтарға таныстыру. Сондай-ақ, халықтың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Әзірге бұл жобаның дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол 2 айдан астам уақыт өткізіледі деп жоспарланған.