ШҰҒЫЛ! Атырауда журналистер арасында турнир өтті Толығырақ

Қазақстанға визасыз келетін елдер қатары 100-ге дейін жеткізіледі

21:30, 17 маусым 2022

Қазақстанға визасыз келетін елдер қатары 100-ге дейін жеткізіледі

Қазақстанға визасыз келетін елдер қатары 100-ге дейін жеткізіледі.Биыл елімізге 500 мыңнан 1 млн-ға дейін шетелдік турист келеді деген болжам бар. Сонымен қатар Қазақстанға визасыз кіретін елдердің қатары артпақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлім етті. «Биыл елімізге 500 мыңнан 1 миллионға дейін шетелден турист келеді деп болжап отырмыз. Бұған дейін пандемияға байланысты шекаралар жабылып, шектеулер қойылған еді. Бүгінгі таңда барлық шектеу алынып тасталды. Қазақстанға келу бойынша 74 елге визасыз режим қайтарылды. Бұл тізімді 100-ге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Кешеден бастап электронды виза беру қайта жанданды. Қазіргі уақытта Иран, Қытай, Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізу мәселесі пысықталу үстінде», - деді Ержан Еркінбаев.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Университетке қатысты тергеп-тексеру басталды
21:39, 5 шілде 2022
Университетке қатысты тергеп-тексеру басталды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жайық өзеніне 3,5 млн бекіре тұқымдас балық шабағы жіберілді
21:49, 30 маусым 2022
Жайық өзеніне 3,5 млн бекіре тұқымдас балық шабағы жіберілді
Толығырақ...