
Қазақстандық спортшылар әлемдік гран-приде жеңіске жетті
Қазақстандық параспортшылар әлемдік Гран-приде жеңіске жетті. Бразилияның Сан-Пауло қаласында 1-3 шілде аралығында пара дзюдодан IBSA әлемдік турнир өтті. Байрақты бәсекеге 13 мемлекеттен 90 ға жуық спортшы қатысқан. Жарыста еліміздің атынан 10 спортшы қатысып, жеті медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, жарыс нәтижелері бойынша спортшыларымыз әлемдік рейтингте өз позицияларын жақсартты. Мәселен Науатбек Ақмарал Гран-при жарыстарында екінші рет жеңіске жетсе, Даяна Федосова алғаш рет алтын медальға қол жеткізді. Ал, тұңғыш рет абсолютті салмақ дәрежедесінде қатысқан Талғат Ажгалиев үшінші орынға ие болды.