ШҰҒЫЛ! Есірткі шегіп, көлік жүргізген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО) Толығырақ

Қазақстан барысы

19:07, 4 шілде 2022

Қазақстан барысы

«Қазақстан барысы» турнирінде қызылордалық Мақсат Исағабылов жеңіске жетті. Ол финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповпен кездесті. Нәтижесінде Мақсат қарсыласын жеңіп, биылғы турнирдің жеңімпазы атанды. Мақсат Исағабылов 1994 жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген. Бойы 184 сантиметр болса, салмағы 120 келі. Бұған дейін қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Оған 25 миллион теңге ақшалай сыйлық, алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» берілді. Ал екінші орын иегері Нұрдәулет Жарылғаповқа 5,5 миллион теңге мен күміс белбеу табысталды. Турнир барысында қола жүлде үшін жамбылдық Ғалымжан Қырықбаев бақ сынап, 1,8 миллион теңге мен қола белбеуге ие болды.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті (ВИДЕО)
21:39, 15 тамыз 2022
Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті...
Толығырақ...
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
21:31, 15 тамыз 2022
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
17:10, 10 тамыз 2022
Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
Толығырақ...