
ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ ҚАРА ЖАМЫЛДЫ
Нұртілеу Иманғалиұлы мамандығын кәсіп деп емес, өнер деп бағалайтын. Белгілі тележүргізуші 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген-ді. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдап, қазақ телевизиясында түрлі қызметтерді атқарған. Санаулы ғұмырында Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткері марапаттарын алды. Одан өзге де жетістіктерін тізбектесек шетіне жете алмасымыз хақ. Бір анығы, ол артына өлмейтүғын із қалдырды. Бейнесі халық жанынан ешқашан өшпейтін жан туралы енді, өткен шақта сөйлеуге мәжбүрміз.