
Қауіпті өнім
Атырауда бактериологиялық тексерістен кейін 1,5 тоннадан астам тауық еті жойылды.Сараптама жүргізу барысында 108 өнімнен сынама алынды. Ол қала аумағындағы сауда нүктелерінен сатып алынды. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижесінде 108 сынаманың 40%-дан астамы Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.Осыған байланысты кәсіпкерлерге заң бұзушылықтарды жою бойынша санитариялық-эпидемиологиялық нұсқама берілді.