
Қариялар өз таңдауын жасады
5 маусым саяси науқан күні 80 жасқа толған Бердалиева Күләш әжей де өз таңдауын жасады. Ел игілігі үшін жасалып жатқан саяси науқаннан қалыс қалмауды ойлаған Күләш әже бүгінгі игі бастаманың басында жүргендерге ризашылығын білдіріп, батасын берді. Ал әжейдің жұбайы Ғабит Бердалиев өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым дейді.