ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

ҚАБАҒАН ИТТІҢ ИЕЛЕРІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУДА

21:00, 3 желтоқсан 2020

ҚАБАҒАН ИТТІҢ ИЕЛЕРІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУДА

Қабаған иттің иелері жауапқа тартылуда. Атырауда бір апта ішінде 9 баланы ит қауып алған. Зардап шеккендердің бәрі жеңіл жарақат алған. Жақында ғана қала маңында екі жасар баланы ит талап, бас және қол жарақатымен ауруханаға түскен-тін. Бұл өз үйіндегі иттің адамға шапқан  жалғыз фактісі емес. Осы орайда, тәртіп сақшылары тұрғындарға төрт аяқтыларын  асырағанда және серуендеу кезінде барлық ережені қатаң сақтай отырып, жауапкершілік танытуға шақырады. Ал, ережені ескермегендерге айыппұл салынады. Айта кетейік, Атырауда жыл басынан бері үй жануарларына  қатысты 700-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар