
ИСАТАЙДА "АШЫҚ ӘКІМДІК" КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Исатай ауданында "Ашық әкімдік" кеңсесі ашылды. Жобаның мақсаты - тұрғындарға жедел әрі сапалы қызмет көрсету, жемқорлықтың алдын алу. Яғни, бұл жерде әр бөлімнен жауапты мамандар кезектесіп келіп, тұрғындар сауалына жауап береді. Осылайша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесі де азаяды.