ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

ІНДЕТ УШЫҚТЫ

20:02, 8 сәуір 2021

ІНДЕТ УШЫҚТЫ

Індет ушықты. Облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруларының өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Кеше Атырау қаласынан 97, Теңіз кен орнындағы скрининг нәтижесінде 11 адамнан анықталған.Сондай-ақ, коронавирус жұқтырған Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 4, Құрманғазы ауданының 9, Махамбет ауданының 5 және Исатай ауданының 3 тұрғыны тіркелген.Коронавирустық инфекциясы бар 76 науқаста ауру белгілері бар, ал 61 адамда белгілер байқалмаған.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 33 науқас сауығып шықты. Қазір 547 адам үйден, 190 - модульді ауруханада, 74 - аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 202 адам емделіп жатыр.Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша - “қызыл” аймақта тұр.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
20:04, 16 сәуір 2021
МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМКІН
20:03, 16 сәуір 2021
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар