ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

Индерде жаңа кітаптың тұсауы кесілді

20:08, 15 маусым 2021

Индерде жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Индер аудандық музейінде «Асыл-ай» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Туынды авторы - Асылай Ғилымғали. Жоталы Индерде дүниеге келген ақын қыздың алғашқы өлеңдер жинағы туған жерінде таныстырылды. Ол асыл арманын, өмірге деген сүйіспеншілігін, заман тынысын, махаббат иірімдерін көңіліне тоқып, шабытпен жырлап, ұйқаспен өрнектеген. Кітап Атырау облыстық жазушылар одағы филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиевтың қолдауымен «Ағатай» баспасынан 100 дана таралыммен жарық көрді. Іс-шараға  ғалым Нәсіпқали Сейіт, Атырау телеарнасының директоры, танымал тележурналист  Қанат Әуесбай секілді белді тұлғалар қатысты. Олар Асылайға ақ батасын жаудырып, шығармашылық шабыт тіледі.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Токиодағы олимпиада ойындарында 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды
20:11, 4 тамыз 2021
Токиодағы олимпиада ойындарында 300-ден астам адам коронавир...
Толығырақ...
Емхана қызметкерлеріне көңілі  толмайды
20:09, 4 тамыз 2021
Емхана қызметкерлеріне көңілі толмайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртемек болған атыраулық ұсталды
20:06, 30 шілде 2021
Бензин құйылған бөтелке ұстап, өзін өртемек болған атыраулық...
Толығырақ...