
«Ханзада мен ханшайым» атты қалалық сайыс
1-маусым балаларды қорғау күніне орай «Ханзада мен ханшайым» атты қалалық сайыс өтті. Мақсат - халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу, өскелең ұрпақтың танымдық шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту. Шараға қаламыздың мектептерінен 3-7 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады. 5 кезеңнен тұратын сайыста балғындар үздік атану үшін би де билеп, ән де салды.