
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалақы 50% өседі
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалақы 50% өседі.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы қызметкерлердің жалақысы өсетінін айтты. Осы орайда ол Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында қарастырылған өтінімдер саны бойынша ынталандыру жүйесі бар екенін нақтылады. «Жұмысын жылдам әрі жақсы атқаратындар мен құжаттарды баяу рәсімдейтіндердің еңбекақысын теңестіргіміз келмейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының негізгі міндеті - өтінімдерді жылдам әрі сапалы қарастырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету. Ынталандырудың тиісті жүйесі бар және ол бойынша жыл соңында сыйлықақы қарастырылған», - деді ведомство басшысы.