
Грант тағайындалды (ВИДЕО)
Атыраудағы ЖОО бірінде студенттер мен жас спортшылар Әлем чемпиондарымен кездесті. Олардың қатарында кәсіпқой бокстан Азия, Әлем чемпионы Садриддин Ахмедовпен, ережесіз жекпе-жектен Қазақстан, Азия чемпионы, бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған Сергей Морозовты және ММА спорт түрінен еліміздің үздік кәсіпқой спортшысы Дәурен Ермеков те бар. Кездесу барысында үш саңлаққа қазақтың салты бойынша шапан жабылды. Сондай-ақ, спортта үздік нәтиже көрсетіп жүрген студенттерге арнап, Садриддин Ахметов атындағы грант тағайындалды.
¤