
Грант саны көбейді
Еліміздің іргелі оқу орындарында білім алғысы келетін атыраулық түлектер үшін биыл 4 мың грант бөлінді. Бұл мемлекеттік гранттан бөлек ұсынылып отырған зор мүмкіндік. Президент тапсырмасымен берілетін тегін оқу мүмкіндігі аясында техникалық бағыттағы мамандықтарға басымдық берілген. Грантқа іліккен жасөрендер Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Павлодар және Семей қалаларындағы жоғары оқу орындарында білім алады. Оқуларын тәмамдаған соң, Атырауға қайта оралып, туған өлкесіне қызмет етеді. Гранттың 3200-і техникалық, ал қалғаны педагогикалық мамандықтарға беріледі. Бұл екі бағыттағы мамандық әрдайым сұранысқа ие. Сондықтан да оқу бітіріп келген жастар жұмыссыз қалмайды.