
EXIT POLL НӘТИЖЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚР Парламенті депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 пайыз дауысын иеленді. Exit poll қорытындысына сүйенсек, Nur Otan партиясы - 71,97%, AqJol партиясы - 10,18%, Adal партиясы - 3,7%, Ауыл партиясы - 5,75%, Қазақстанның халық партиясы сайлаушылардың 9,3% дауысын жинаған. Айта кетейік, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес кандидатты қолдап дауыс беруге қатысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижесін, болжамдары мен өзге де зерттеулер сайлау күнінде жариялауға рұқсат етілмейді. Яғни, нәтижелері дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана жариялануы тиіс.