ШҰҒЫЛ! «ATYRAY» АРНАСЫНА ПРЕЗИДЕНТ АЛҒЫС ХАТЫ Толығырақ

Этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты (ВИДЕО)

21:21, 11 наурыз 2020

Этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты (ВИДЕО)

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Достық үйіне барып, аймақтағы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты. 
Қазақстан Халқы Ассамблеясы Атырау облысындағы хатшылығының меңгерушісі Гүлмира Шәкірованың айтуынша, өңірде 19 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың бәрі де жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің дамуына үлес қосуда. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын барлық шаралар халық бірлігі мен бейбітшіліктің, достықтың нығаюына бағытталған.
Қоғам бірлігінің маңызды факторы - мемлекеттік тілді - қазақ тілін білу. Сондықтан, Ассамблеяның облыстағы өкілдігі осы бағытта жұмыстар атқаруда. Мысалы, көп жастар ұлты басқа болса да, қазақ тілін үйренуде.
Аймақ басшысы Достық үйін аралады, ғимаратта «Қоғамдық келісім»  мемлекеттік мекемесі мен этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Этно Мәдени Бірлестігінің  жетекшілері облыс әкіміне халықтар бірлігін нығайтуға арналған жұмыстарды таныстырды. Атыраудағы алғашқы кездесуім Қазақстан халқы Ассамблеясымен болған еді. Мерекелік салтанатта. Бізде ұлтаралық қақтығысқа негіз жоқ. Бірақ әсіресе жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу артық етпейді. Өзара қарым-қатынастың тарихы тереңде, оны қадірлей білуіміз керек. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын құндылықтардың бағасын білуге тиіспіз,-деді Махамбет Досмұхамбетов.
Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері аймақ басшысына алдағы жоспарлары мен шешімін күткен мәселелер туралы айтты.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ   ТЕКСЕРІЛДІ
21:05, 29 қыркүйек 2020
ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚ ЖАС ҰСТАЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
19:26, 25 қыркүйек 2020
ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚ ЖАС ҰСТАЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...
АТЫРАУДЫҢ  ҚОҚЫСЫН ӨҢДЕУГЕ ИНВЕСТОРЛАР ЫНТАЛЫ
22:40, 25 қыркүйек 2020
АТЫРАУДЫҢ ҚОҚЫСЫН ӨҢДЕУГЕ ИНВЕСТОРЛАР ЫНТАЛЫ
Толығырақ...