
Ертең «тыныштық» күні
Түнгі сағат 12-ден кейін референдум алдындағы «тыныштық» күні басталады. Ертең және референдум күні үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады. Сауалнама жүргізуге немесе референдум нәтижелерінің болжамдарын жариялауға болмайды. Талапты бұзғандар заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Референдум күні 2 немесе одан да көп рет дауыс бергендер, басқа біреу үшін бюллетень алып таңдау жасағандар да заң алдында жауап береді. Учаскелік референдум комиссиясының мүшесі азаматтарға өзге адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасаса оларды әкімшілік жаза күтіп тұр. Орталық референдум комиссиясының төрағасы науқан күні азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасау аса маңызды деді.