
«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ИГІЛІГІ
Әлемді жайлаған індет адам өміріне ғана емес, кәсіпкерлік саланың да дамуына кері әсерін тигізгені анық. Бірі бұрынғы кәсібін тастап, жаңа бағытқа бет бұрса, бірі қаймықпай, мемлекеттің қолдауы арқылы кәсібін дөңгелетуде. Ынталыларға «Еңбек» бағдарламасы қол ұшын созды. Махамбет ауданы бойынша қайтарымсыз несие алып, сұлулық салоны, оқу орталығы, массаж кабинеті секілді халыққа қажетті кәсіп бастағандар қатары көбейді. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша 100 адам арнайы курстан тәлім алған.