
«Ембімұнайгаз» АҚ қайырымдылық концерт өткізді
«Ембімұнайгаз» АҚ-ның 100-жылдық тойына арналған іс-шаралар ағымдағы жылдың наурыз айынан басталып, бүгінде жалғасуда. Мерейтойлық бағдарламаның аясында компанияның ұйымдастыруымен «Балалық шақтың бақытты аралы» атты қайырымдылық концерті өтті. Оған мұнайшы қызметкерлер мен облыстағы мүмкіндігі шектеулі балалар қатысып, өнер көрсетті. Сонымен қатар, ғасырлық тойға тарту ретінде ембілік мұнайшылар гимнінің тұсауы кесілді. Толығырақ бейнематериалда.