
Елін қорғау - ерге серт
Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл. Осыған орай, құқық қорғау саласында қажырлы еңбек еткен қызметкерлер марапатталды. Мерекелік бас қосуда Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ҚР Қарулы Күштері құрылғанынан бергі тарихы, тыныс-тіршілігі, атқарған жұмыстары жөнінде бейнеролик көрсетілді. Шара мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.