
Экспедиция мүшелері Атырауда
Өңірге Ақмола облысынан «Абылай ханның қара жолы» атты экспедиция мүшелері келді. Құрамында тарихшылар, профессор-оқытушылар жиналған бір топ зерттеушілер облыстың ерлік, тарихи, рухани, мәдени өмірін зерделеу мақсатында арнайы ат басын тіреген. Олар Көкшетаудан бастап, Орынборға дейін баруды жоспарлаған. Жолдың жалпы ұзақтығы шамамен 8500 шақырым. Осы арқылы экспедиция мүшелері Абылай ханның жүріп өткен жерлері мен соғыс болған өңірлерді зерттемек. Айта кетейік, бұл сапар 2018 жылдан бері жүргізілуде.