
Экологиялық тренинг
Атырауда тренерлерге арналған семинар өтті. Қатысушыларға экологиялық білім берудің заманауи әдіс-тәсілдері көрсетілді. Оған ҮЕҰ өкілдері, эковолонтерлер, студенттер және оқу орындарының оқытушылары қатысты.
2 күндік тренингте түрлі мастер-класстар өткізіліп, әдістемелік нұсқаулықтар берілді. Енді жоба шеңберінде қатысушылар арнайы акциялар өткізіп, алған тәжірибелерімен бөліспек.