
Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Алдағы 3 жылда елде дәрі-дәрмек жасайтын 30 өндіріс ошағын іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Осы арқылы фармацевтика саласындағы отандық өнімдердің үлесін 50 пайызға жеткізу көзделген. Ал экспорт көлемі 3 есе артады. Жалпы, биылғы жылдың алғашқы 5 айында дәрі-дәрмек өнім көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өскен. Министр әлемдік ахуал мен логистикадағы қиындықтарға қарамастан ішкі нарықты қажетті препараттармен қамтамасыз етуде мәселе жоқ деді. Керек дәрі-дәрмектің 70 пайызы медициналық ұйымдардың қоймаларына жеткізілген.