
БҮГІН ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР КҮНІ
Атырауда Үкіметтік емес ұйым күні атап өтілді. Облыстық Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы атаулы күні түрлі шаралар ұйымдастырушы белсенділердің басын қосты. Қазір Атырауда 600 ұйым тіркелген. Олардың 100-ден астамы ғана белсенді. Жыл сайын, үкіметтік ұйым өкілдеріне деген қолдау еселеніп келеді. Соның дәлелі, биыл қоғам белсенділерінің жобаларына 987 млн қаражат бөлінбек.Шараға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөлі ерекше белсенділерге өңір басшысының алғыс хатын жеткізді. "Ал, Атырау облысы Азаматтық Альянсы " Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Әлібек Семғалиев осыдан бір апта бұрын үкіметтік емес ұйымдар арасында өткен челенджде белсенділік танытқандарды марапаттады.